Қазақтелеком бастаған бірнеше компанияның акциялары мемлекетке берілді

787

Монополиясыздандыру шеңберінде "Қазақтелеком" АҚ (28,75%), "Көліктік сервис орталығы" АҚ (100%), "Акмолит" ЖШС (100%) тәрізді және басқа компаниялардың ақшалай қаражаты мен акциялары мемлекетке берілді. Осы активтердің алдын ала сомасы – шамамен 200 млрд теңге.

Қазақтелеком бастаған бірнеше компанияның акциялары мемлекетке берілді

Бұл туралы Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Айта кетейік, 5 маусымда Президенттің Жарлығымен Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрылғаны белгілі.

Комиссия құрамына құқық қорғау, арнаулы және бірқатар орталық атқарушы органдардың, Ұлттық Банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-ның бірінші басшылары кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу