"Қазақтелеком" бірқатар сайтқа шетелден жаппай DDOS шабуыл жасалғанын растады

716

Қазіргі уақытта техникалық жұмыстар жүргізілуде.

"Қазақтелеком" бірқатар сайтқа шетелден жаппай DDOS шабуыл жасалғанын растады

Бірқатар отандық сайтқа шетелден жаппай DDOS шабуыл тіркелді. Бұл туралы "Қазақтелеком" АҚ Коммуникациялар департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазақтелеком" 2022 жылдың 24 қыркүйегінде бірқатар қазақстандық ақпараттық ресурсқа шетелден жаппай DDOS шабуыл тіркелгені туралы хабарлайды. Қазіргі уақытта біз маршруттарды қалпына келтіру және оңтайландыру бойынша техникалық жұмыстарды жүргізіп жатырмыз, бұл кейбір сыртқы интернет ресурстарға қол жеткізу жылдамдығының ішінара төмендеуіне әкелуі мүмкін”, - делінген "Қазақтелеком" АҚ Коммуникациялар департаменті таратқан хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, жұмысты жақын арада аяқтау жоспарланып отыр.

Айта кету керек, осыған дейін бірқатар ақпараттық сайт интернетке қолжетімділік мәселесіне тап болғанын хабарлаған болатын. 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу