"Қазақтелеком" дағдарысты ауылдар есебінен еңсеруде

641

"Самұрық-Қазынаның" басқарушы директоры пандемия өршіген жағдайға қандай сценарий қолданатынын айтты.

"Қазақтелеком" дағдарысты ауылдар есебінен еңсеруде Фото: Максим Морозов

"Самұрық-Қазына ұлттық" әл-ауқат қоры пандемияның пессимистік сценариіне де дайын. Қордың құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Кравченко аталмыш дайындық "қажетсіз" шығындарды қысқартудан басталғанын айтады. 

"Пессимистік болжамдарға байланысты бірнеше сценариіміз бар. Пандемияның екінші толқыны болса, оған қажетті шараларды қабылдағанбыз. Шектеулер кезеңінде "қажетсіз" болып қалған шығындарды толық қысқарттық. Бұл кезеңнің кейбір компанияларға кері әсері болса да, кейбір компанияларға падемия жағдайындағы экономика жағымды әсер етті. "Қазақтелеком", "Самұрық Энерго" және "ҚазАтомӨнеркәсіп" компанияларын мысалға келтіруге болады. Бұл компаниялар өзін өте сенімді сезініп отыр. "Қазақтелеком" өзінің бизнеске қатысты кейбір деректерін жариялады. Елдегі кеңжолақты интернет пайдалануышлар 2-3 пайыз өскен. Ауылдарда "Қазақтелекомның" бизнесі 6 пайыз өскен. Бұл бизнестің бәрі тоқтап қалмағанын дәлелдейтін көрсеткіштер", – деді Андрей Кравченко.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу