"Қазақтелеком" дивиденд төлейді

674

Бір акцияға төленетін дивиденд көлемі 3 590,39 теңге болып белгіленді. 

 "Қазақтелеком" дивиденд төлейді Фото: inbusiness.kz

"Қазақтелеком" АҚ акционерлерінің жалпы жиналысында қарапайым акцияларға 2021 жылғы бөлінбеген пайдадан дивиденд төлеу туралы шешім қабылданды, деп жазады inbusiness.kz Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап.

Kase.kz сайтында жариялау үшін  "Қазақтелеком" АҚ атынан жолданған ақпаратқа сәйкес, 31 қазан күні "Қазақтелеком" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткен.  Онда "Қазақтелеком" АҚ пайдасын бөлу мәселесі талқыланған.

Хабарламаға сәйкес, 2021 жылдың бөлінбеген пайдасынан 39,5 миллиард теңге (отыз тоғыз миллиард бес жүз он бір миллион бес жүз елу алты мың жүз сексен бес) мөлшеріндегі сома дивиденд төлеуге жіберіледі.

"Жай акциялар бойынша дивидендтер мөлшері 1 жай акцияға шаққанда 3 590 (үш мың бес жүз тоқсан) теңге 39 (отыз тоғыз) тиын мөлшерінде бекітілсін. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткен күннен кейінгі бірінші жексенбі күні 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша осы шешім бойынша дивидендтер алуға құқы бар акционерлердің тізімі бекітілсін. Осы шешім бойынша дивидендтер алуға құқы бар акционерлердің тізімі бекітілген күннен кейінгі келесі жұмыс күні, бір ай ішінде жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеуді бастау күні болып анықталсын",-делінген хабарламада.

Төлем агенті – "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ Дивиденд біржолғы төлем тәртібімен беріледі.

Шешім акционерлер тарапынан бірауыздан қолдау тапқан.

Естеріңізге саламыз, "Қазақтелеком" АҚ акционерлер:  "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры (45,9%), Қаржы министрлігі, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті  (25,42%), THE BANK OF NEW YORK MELLON DRS (8,62%)

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу