"Қазақтелеком" инвесторлары акцияларын сот арқылы кері қайтарғысы келеді

1097

Мәселе "Қазақтелеком" K-cell мобильдік операторын сатып алған соң туындаған. Акционерлер осы ірі сауда-саттықтан кейін дивиденттен қағылғандарын айтып, шағымданған.  

"Қазақтелеком" инвесторлары акцияларын сот арқылы кері қайтарғысы келеді Фото: informburo.kz

"Қазақтелеком"-ның 13 инвесторы акцияларды кері қайтару туралы экономикалық сотқа арызданды, деп хабарлайды astanatv.kz.

Falconry capital-дың есебінше, телекоммуникациялық кәсіпорын акционерлеріне 600 млн теңге беруі керек. Мәселе "Қазақтелеком" K-cell мобильдік операторын сатып алған соң туындаған. Акционерлер осы ірі сауда-саттықтан кейін дивиденттен қағылғандарын айтып, шағымданған.  

"К-селл" компаниясымен жасалған ірі келісімшарттан соң біз бір шешімге келдік. Яғни, бұл сауда-саттықтан біздің табатын табысымыз жоқ болғандықтан, акциялардан да бас тартамыз. "Қазақтелекомға" хат жазып, құнды қағаздарын қайта сатып алуға ұсыныс жасағанбыз. Бірақ, біздің бұл бастаманы олар қолдаған жоқ", – дейді Falconry capital тікелей инвестициялар қорының директоры Руслан Ахмедов.

Ал, "Қазақтелеком" акцияларды сатып алудан бас тарту жөнінде сөз қозғалмағанын айтады. Олар, әзірге, қылмыстық кодекстің 230-бабы бойынша бас прокуратура қозғаған істің шешімін күтіп отыр.

Айта кетейік, "Қазақтелеком" бұған дейін де акционерлеріне "бағалы қағаздар келісім-шарты кезінде инсайдерлік ақпараттарды пайдаланған" деген айып тағып, экономикалық тергеуге жүгінген болатын. Бірақ, олар істі қылмыс құрамы жоқ деп тоқтатқан еді.  

"Бізге акционерлеріміз өтініш жолдады. Оны қарастырып жатқанымыз жөнінде әрдайым хабарлама жіберіп отырғанбыз. Ол хаттарда акцияларды сатып алудан бас тартқанымыз жөнінде жазған емеспіз. Қазір бас прокуратура біздің апелляциялық арызымызды қарастырып жатыр. Тексеру жұмыстары аяқталған соң акционерлік қоғамның директорлар кеңесі қандай шешімге келгенін жариялайды", – дейді "Қазақтелеком" АҚ қаржы директоры Асхат Өзбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу