2022 жылы "Қазақтелеком" AzerTelecom компаниясымен суасты байланыс желісін бірлесіп салу туралы келісімге қол қойды. Транскаспийлік каналдың негізгі бағыты Ақтаудан Әзірбайжанның Сиазанына дейін созылады және 340 шақырымнан асады. Құрық портынан Бакуден алыс емес Бузовна пунктіне дейін 330 шақырым резервтік желі тартылады.
Кабельдің арқасында Қазақстан халықаралық трафикке қосылу мүмкіндігіне ие болады. Бүгінде егжей-тегжейлі жол картасы бекітілді. Қазір зерттеу жұмыстары аяқталуда. Кабель құрылысын қазақстандық-әзербайжандық бірлескен кәсіпорын паритеттік негізде жүргізеді деп күтілуде.
Айта кетітіні, мамандардың пікірінше АҚШ-Қытай қақтығысы аясында шың елімен бірлесіп, Каспий арқылы талшықты-оптикалық байланыс желісін тартып жатқан Қазақстан абай болғаны жөн.