"Қазақтелеком" Kcell акцияларын сатады

985

"Қазақтелеком" АҚ директорлар кеңесі Kcell мобильді операторының 24% акциясын сатылымға шығару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.

"Қазақтелеком" Kcell акцияларын сатады

"2021 жылғы 28 қыркүйекте шешім күшіне енді", – деп жазылған хабарламада.

KASE мәліметі бойынша компания акцияларының жиынтық нарықтық құны – 537 млн доллар.

2020 жылғы қарашада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Қазақтелекомға" ұялы операторлардың бірі – Kcell немесе Tele2 үлесін сатуды ұсынған.

Kcell – Қазақстан нарығындағы үш мобильді оператордың бірі. Компанияның негізгі акционері – "Қазақтелеком" АҚ (75%). 2021 жылғы маусымда Kcell LSE және AIX-пен делистинг өткізді, оператордың акциялары KASE Қазақстан қор биржасында бағамдалып жатыр.

"Қазақтелеком" елдегі телекоммуникация нарығында басымдыққа ие. Сондай-ақ компанияға "Мобайл Телеком Сервис" ЖШС-нің 100% акциясына тиесілі.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу