"Қазақтелеком" Kcell акцияларын сатып алуды аяқтады

1175

Тараптар арасындағы келісім осы айдың 12-сінде жасалған болатын.

"Қазақтелеком" Kcell акцияларын сатып алуды аяқтады

21 желтоқсанда "Қазақтелеком" АҚ KASE-ге "Кселл" АҚ-ның 75% акцияларын сатып алу туралы мәміленің аяқталғанын хабарлады. Мәміле директорлар кеңесі тарапынан мақұлданды, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 12 желтоқсанда "Қазақтелеком" АҚ, Telia Company және Fintur Holdings BV компаниялары қазақстандық телекоммуникациялық оператор "Кселл" АҚ-ның 75% акцияларын Қазақтелекомның сатып алуы туралы келісімге қол қойған болатын.

"Қазақтелеком" "Кселл" акцияларының 24%-ын Telia Company компаниясынан, ал 51%-ын Fintur Holdings BV компаниясынан сатып алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу