"Қазақтелеком" компаниясының миноритарлық акционерлері мәлімдеме жасады

601

Олар компаниядан корпоративті ашықтықты сұрап отыр. 

"Қазақтелеком" компаниясының миноритарлық акционерлері мәлімдеме жасады Фото: kaztag.kz

"Қазақтелеком" АҚ акционерлер тобы Қазақстанның миноритарлық акционерлер қауымдастығына кіреді. Аталған мәлімдеме осы қауымдастық сайтында жарияланған деп жазады, inbusiness.kz qams.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстанның миноритарлық акционерлер қауымдастығы (QAMS) біріктірген "Қазақтелеком" АҚ акционерлер тобы корпоративтік ашықтықты, оның ішінде активтерді сатып алу немесе сату мәселелерін арттыруды жақтаймыз", делінген мәлімдеме.

Осыған байланысты "Қазақтелеком" акционерлерінің тобы, аталған компанияға қарасты "Kcell" АҚ  акцияларының бақылау үлесін сатудағы ықтимал процесс жұртшылық үшін ашық болады, ал телекоммуникация нарығында жаңа ойыншының пайда болуы "Қазақтелеком" миноритарлық акционерлерінің құқықынна нұқсан келтірмейді деген үмітте.

Акционерлердің дерегінше, "Қазақтелеком" акционерлерінің талабы бойынша 2021 жылғы қыркүйекте Кселл акцияларының 24%-ын сату бойынша мәмілелердің экономикалық негіздемесі болған Kcell-ді бағалау туралы "KPMG" есебі әлі ашық жарияланбаған. "Бұл факт "Қазақтелеком" акционерлерінің Қазақстанның телекоммуникация саласындағы активтерді сату жөніндегі мәмілелер ашықтығының қамтамасыз етілуіне қатысты алаңдауына негіз болып отыр",-делінген мәлімдемеде.

Бұдан өзге,  акционерлер тобы "Қазақтелеком" басшылығына және бақылаушы акциялар тобын иеленіп отырған "Самұрық-Қазына" Қорына "Kcell" акцияларының 24% үлесінің сатылуына байланысты арнайы дивидендтер төлеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынысымен жүгініп отыр.

 Естеріңізге саламыз 2021 жылдың қыркүйек айында "Қазақтелеком" "Kсell" компаниясының 24% акциясын Қазақстан қор биржасының алаңында саудаға шығарған болатын. Бір акцияның құны 1,342 теңгеге саудаланған еді.  Оның 9%-ын "First Heartland Jusan Bank", 14,87%-ын "PIONEER TECHNOLOGIES S.A R.L." компаниялары сатып алған болатын.

"Kсell" компаниясының бақылаушы пакеті (акцияларының 51%-ы) "Қазақтелеком" иелігінде, 7,06%-ы БЖЗҚ портфелінде.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу