"Қазақтелеком" АҚ мен "Кселл" АҚ акциялары "Шетел эмитентінің қарапайым акциялары" санаты бойынша Санкт-Петербург биржасында сауда-саттыққа жіберілген бағалы қағаздар тізіміне енгізілді, деп хабарлады "Қазақтелеком" АҚ баспасөз қызметі.
"Санкт-Петербург биржасы" АҚ басқармасының бұл шешімі 2019 жылдың 5 наурызында қабылданды, ал сауда-саттық 7 наурызда басталды.
"Осы биржада сауда-саттыққа жіберілген бағалы қағаздар тізіміне қосылу ресейлік инвесторларға "Қазақтелеком" АҚ, сондай-ақ біздің жаңа мобильді активіміз – "Кселл"АҚ секілді құнды қағаздарды сатып алу арқылы инвестициялық портфельді әртараптандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл әңгіме инвесторлардың сауда-саттығына және сатып алуына қол жетімді қарапайым акциялар туралы болып отырғанын атап өткім келеді", – деп мәлімдеді "Қазақтелеком" АҚ-ның қаржы директоры Асхат Өзбеков.
"Қазақтелеком" елдегі телекоммуникация нарығында үстем жағдайға ие. Компанияға Kcell ұялы операторы акцияларының 75%-ы, сондай-ақ "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС (СП Tele2 және "Қазақтелеком") акцияларының 49%-ы тиесілі.
"Kcell" АҚ - Қазақстан нарығында жұмыс істейтін үш мобильді оператордың біреуі. Компания нарықта корпоративтік клиенттерге арналған Kcell және жалпы абоненттерге бағытталған Activ брендтерімен танымал.
"Санкт-Петербург биржасы" АҚ – Ресей Федерациясындағы бағалы қағаздар мен фьючерстік келісім-шарттар саудасын ұйымдастыратын алғашқы сауда алаңдарының бірі.