XII Астана экономикалық форумы алаңында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Nokia корпорациясының Директорлар кеңесінің төрағасы Ристо Сииласмаамен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.
Үкіметінің басшысы Асқар Мамин телекоммуникациялар нарығын кеңейтіп, 5G технологияларын енгізу көзделіп отырғанын жеткізді, осы мақсатта Қазақстанның бірқатар қалаларында пилоттық жоба іске қосыла бастады. Бүгінде "бесінші буын" байланыс желісі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және Ақмола, Алматы облыстарында тестілеуіден өткізілуде.
"Қазақтелеком" АҚ Nokia-мен бірлесіп әзірлеген 5G технологияларының мүмкіндіктерінің таныстырылымы өтті. Жаңа желіні енгізу деректерді тарату жылдамдығын айтарлықтай арттырады, бұл зияткерлік көлік жүйелерін дамытуға, ірі өндірістік компанияларда, логистикада және т.б. салаларда өнеркәсіптік роботтарды пайдалану мүмкіндігін кеңейтуге жол ашады.