"Қазақтелеком" АҚ жарғылық капиталының 25 пайызы мемлекетке өтеді

814

Қазақстан Үкіметі "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

"Қазақтелеком" АҚ жарғылық капиталының 25 пайызы мемлекетке өтеді

"Сыйға тарту шарты бойынша "Қазақтелеком" жарғылық капиталының 24,95%-ын құрайтын 2 671 481 жай акциясын республикалық меншікке беру туралы Skyline Investment Company S.A. жеке компаниясының ұсынысы қабылдансын", – делінген қаулы мәтінінде.

Сондай-ақ "Alatau Capital Investment" ЖШС сыйға тарту шарты бойынша қоғамның жарғылық капиталының 3,85%-ын құрайтын қоғамның 413 412 жай акциясын республикалық меншікке береді.

Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу