Қазақтелеком компаниясының таза табысы 2017 жылдың бірінші маусымында 8,1 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды naryk.kz.
Өткен жылдың осы уақытында компания 67,4 млрд теңге таза табыс тапқан еді. Бұл биылғыдан 8,2 есеге артық. Ал оператордың кірісі 50 млрд теңгені құрап, былтырғыдан 4,9 пайызға артық шықты. Жалпы табыс 2 пайызға азайып, 18,7 млрд теңгеге теңесті.
Операциялық табыс 14,2 млрд теңгеге теңесті. Ал салық төлегенге дейінгі табыс 19 пайызға азайып, 10,5 млрд теңгеге түсті.
Бірінші маусымда компания активі 467,9 млрд теңгені құрады. Бұл былтырғыдан 0,2 пайызға аз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу