"Қазақтеңізкөлікфлоты" компаниясының бағдарламасы бойынша болашақ теңізшілер оқуын бастады

254

Талапкерлер ҚБТУ жанындағы Қазақстан теңіз академиясында іріктеуден өтті.  

"Қазақтеңізкөлікфлоты" компаниясының бағдарламасы бойынша болашақ теңізшілер оқуын бастады Фото: kmg.kz

Осылайша отандық теңіз саласына мамандар даярлауға бағытталған білім беру бағдарламасының екінші легіне қатысушыларды іріктеу аяқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Болашақ 10 теңізші оқуына кірісті. 4 жыл бойы курсанттар сауда кемелерінде жұмыс істеу үшін қажетті халықаралық стандарттар мен кәсіби дағдыларды меңгереді.

Бағдарлама "Кеме жүргізу" және "Кеме механикасы" бағыттары бойынша кадрлар даярлауға арналған. Білім беру гранты оқу ақысын, жатақхана және шәкіртақы төлемдерін толық қамтиды.

Сонымен қатар келешекте ҚТКФ кемелеріне жұмысқа орналастыру мүмкіндігі де қарастырылған.

Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу конкурстық негізде өткізілді. Мектеп түлектері тест тапсырып, мотивациялық хат ұсынды және олармен сұхбат жүргізілді.

Оқу ағылшын тілінде өтеді, сондықтан ағылшын тілін білу – міндетті талап болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу