ҚМГ-ның еншілес компаниясы "Қазақтеңізкөлікфлоты" былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Каспий теңізі арқылы контейнермен жүк тасымалдаудың тұрақты өсімін көрсетіп, Қазақстанның транзит‑көлік әлеуетін дамытуда өз позициясын нығайтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тасымалдау көлемі 2024 жылмен салыстырғанда (51,4 мың ЖФЭ) 15% артық. Оң динамикаға Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша тасымалдауға сұраныстың артуы себеп болды.
Атқарылған жұмыстың нәтижесі "Қазақтеңізкөлікфлоты" компаниясының сенімді теңіз логистикасын қамтамасыз етудегі, экспорттық‑транзиттік бағыттарды әртараптандырудағы және Азия мен Еуропа арасындағы мультимодалды тасымалын дамытудағы басты рөлін айқындайды.