"ҚазМұнайГаздың" еншілес компаниясы "Қазақтеңізкөлікфлоты" биыл мамыр айында Транскаспий халықаралық көлік бағытындағы (ТХКБ) "Ақтау – Алят (Баку)" желісі бойынша жиырма футтық эквивалентте 7451 контейнерді тасымалдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жоғары нәтиже "Барыс", "Бүркіт", "Сұңқар" контейнерлік кемелер, сондай-ақ "Түркістан" және "Бекет Ата" құрғақ жүктерді тасуға арналған кемелер арасында жүк ағынын тиімді бөлу есебінен қамтамасыз етілді. Бұл порттар арасындағы кеме қатынасының қарқынын арттыруға мүмкіндік берді.
"Қазақтеңізкөлікфлоты" – ТХКБ аясында теңізбен тасымалдайтын ресми тіркелген компания. Ол 2019 жылдан бастап өз күшімен Ақтау мен Алят айлақтары арасында 210 мың ЖФЭ тасымалдады, бұл шамамен 2,7 млн тонна жүк көлеміне тең.