Ресей билігінің сіркесі су көтермейді. Көрші елдерде орыс тіліне нұқсан келтірілуіне төзбеушілігін ашық түрде көрсетіп бағуда. Шет елдерде орыс тілінің еркіндігі деген мәселеге Ресей билігінің өзі білек сыбана кіріскен сыңайлы. Себебі шет елде азаматтардан орысша емес, жергілікті тілде сөйлеуді талап еткен бөтен республиканың адамдарын Ресейге кіргізбеу түріндегі ресми шара қолданып жатыр. Шыны керек, бір адамы өзгелерге орысша сөйлемеңдер, қазақша сөйлеңдер деп айтса, ол осы елдің ішкі мәселесі емес пе? Оған Мәскеудегі Кремльдің шала бүлінуі жараса қояр ма екен? Бұл өзі соншалықты секем алатындай нәрсе ме?
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу