"Тілеуберді Бинаш 1956 жылы Шымкент облысы, Байырқұм ауылында дүниеге келген, 18 жасында Күш Атасы Қажымұқан Мұңайтпасов атамыздың мүсінін жасап, Одақ көлемінде танылып, жарқ етіп, жұлдыз атанған мүсінші! 1981 жылы Таңсықбааев атындағы көркем сурет училищесінде білім алған! Ағамыз адамгершілік, азаматтық келбеті өнерінің бас тақырыбы болды, өз үйінен музей ашқан, туған жері Отырар мен Түркістан аумағының жәдігерлерін қаспетті құндылық етіп ұстап тұр! Өмірінің соңғы жылдары Дінмұхахамед Қонаев, Шәмші Қалдаяқов, Өзбекәлі Жәнібеков, Қазақ батырларының 50-ге жуық тұлғасын сомдаған ерекше өнер иесі....асықты, бірақ артынан мәңгі өшпес мұра тастап кетті!", – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында Ғабиден Жәкей.
Сондай-ақ жазба иесі мүсіншінің 2021 жылы Алматы облысы, Шарын орта мектебіне Қонаевтың есімін беруге ұйытқы болып, мектепке Қонаевтың ескерткішін сыйлағанын еске алды.
Марқұмның жаназасы ертең өз шаңырағында, Алматы, Сидоркина 8, сағат 11-00-де.