"Қазақтың қасиетті домбырасы қатардағы жүк емес": Аманжол Әлтай мәселе көтерді

189

Әуе кемелеріне кейбір аспаптарды орналастыруға мүмкіндік қарастырылмаған. 

"Қазақтың қасиетті домбырасы қатардағы жүк емес": Аманжол Әлтай мәселе көтерді Фото: aikyn.kz

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай ұшақтарға домбыраны алып кіру мәселесін көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өздеріңізге мәлім, әуе компаниялары бортқа қазақтың қасиетті қара домбырасын кіргізбейді. Бұл біздің ұлттық намысымызды қорлау деп түсінеміз. Қазақтың қасиетті домбырасы қатардағы жүк емес. Біздің ұлттық құндылығымыз. Бүгінде қасиетті домбыраға қалай болса солай қарау біздің ұлттық намысымызға тиеді. Сондықтан әбден тайраңдап кеткен әуе компанияларын қашан тәртіпке шақырасыздар?", - деп сұрады халық қалаулысы.

Мәжіліс отырысына қатысқан Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиевтің сөзінше, кейбір аспаптарды қазіргі әуе кемелерінің сөресіне орналастыруға мүмкіндік жоқ. Ол қазіргі таңда осы мәселені шешу бойынша әуе компанияларымен тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

"Керек болған жағдайда жол және қол жүгін тасымалдау шарттарына өзгерістер енгізуге дайындалып жатырмыз. Осы мәселені әуе кемелерінің мүмкіндіктеріне байланысты шешуге тырысудамыз", - деп қысқа қайырды спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу