Қазақтың киіз үйі халықаралық көрмеде шетелдіктерді тәнті етті

2256

Германия астанасында өткен ITB Berlin көрмесіне отандық туризм интустриясының өкілдері қатысты.  

Қазақтың киіз үйі халықаралық көрмеде шетелдіктерді тәнті етті Фото: Google

Іс-шара пандемияға байланысты үш жылдық үзілістен кейін алғаш рет 7-9 наурыз аралығында өтті, деп жазады inbusiness.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Киіз үй қолөнер шеберлері мен суретшілердің табиғи материалдардан жасалған әшекейлерімен безендірілген. Сонымен қатар келушілерге ұлттық тағамдар ұсынылды.

Берлиндегі көрмеге қазақстандық туристік компаниялар мен қонақүйлердің 30 өкілі қатысты.

"Бұл көрмеде біздің турбизнес өкілдері болашақ серіктестермен іскерлік байланыс орнатады. Біздің стенд келушілер тарапынан Қазақстанға үлкен қызығушылық тудырды. Сонымен қатар, Kazakh Tourism елімізге неміс туристерін тарту бағытында ең ірі халықаралық туристік бірлестіктердің бірі - PATA өңірлік өкілдігімен тығыз жұмыс істеуді жоспарлап отыр", - деді "Kazakh Tourism ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Талғат Аманбаев.

Айта кетейік, ITB Berlin - туризм саласындағы ұйымдар үшін әлемдегі ең ірі B2B көрме саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу