Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық Рамон Агинагамен сегіз раундқа созылған кездесу өткізді. Қазақстандық боксшы оны екінші раундта нокаутқа түсірген, деп хабарлайды vesti.kz-ке сілтемемен egemen.kz.
Осылайша Нұрсұлтан кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне жетіп отыр.
Сондай-ақ бокс кеші аясында тағы бес жекпе-жек өтті. Кештің ең басты оқиғасы қазақстандық Мадияр Әшкеев пен пуэрторикалық Луис Эрнандестің кездесуі болды. Олардың жекпе-жегі он раундқа созылып, нәтижесінде әділ-қазылардың шешімімен Әшкеев жеңіске жетті.
Айта кетейік, Әшкеев пен Нұрсұлтановтың мүдделерін америкалық Main Events промоутерлік компаниясы мен менеджер Эгис Климас қорғайды.