Зоология институтының зертхана меңгерушісі Константин Плаховтың деректеріне сәйкес, елде мыңға жуық ит тазы деп айтылады. Бірақ бүгінде олардың саны 100-150-ге ғана жуықтайды екен, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Елімізде қыруар қаржы имидждік бағдарламалар мен даму жоспарларына жұмсалады. Олардың ішінде жеті қазынаның бірі – тазы туралы айтылмаған.
Тазылардың жойылып кету қаупі туралы мәселенің көтерілгеніне біраз уақыт болды. Өткен ғасырдың 30-шы жылдарының аяғында биология ғылымдарының докторы Аркадий Слудский 7 мыңға жуық тазы болған деген деректер келтірген.
Ақпаратта бірқатар мемлекеттік бағдарламаларға жұмсалатын қаражат туралы айтылған. Мысалы, 2021-2025 жылдарға арналған "Ұлттық рухани жаңғыру" ұлттық жобасының қаржыландыру көлемі 119,38 млрд теңгені құрайды. Аты айтып тұрғандай, бағдарламаның негізгі мақсатына ұлттық-мәдени бірегейлікті сақтау жатады. Осы сияқты туристік саланы дамытуға, биологиялық алуан түрлілікті сақтауға, ұлттық спорт түрлерін қолдауға бағытталған бағдарламалар да бар.
Елде жеті қазынаның бірін қалпына келтіру бағдарламасы болу қажет. Мемлекеттік деңгейде оған жауапты құзырлы мекеме бекітілсе құба-құп. "Иттің жақсысы – тазы" дейміз. Осы сөздің төркінін түсінетін мемлекет болса...