Қазақтың қымызы үздік органикалық өнім ретінде аталды

841

Қазақтың қымызы үздік органикалық өнім ретінде аталды

Қазақтың қымызы Гонконгта 500-ден астам тауар өндіруші қатысқан Дүниежүзілік органикалық өнімдер көрмесінде  үздік деп танылды, деп хабарлайды 24.kz.

Нақтырақ айтсақ, павлодарлық кәсіпкерлер апарған ұлттық сусынымыз "Әлемдік деңгейдегі үздік органикалық өнім-2017" номинациясын жеңіп алды. Сарапшылар жылқының құрғақ сүтімен қымызын жоғары бағалаған. Байқауда топ жарған бұл өнімдерді Павлодардағы қымыз шаруашылығы мен сүт өңдеу кәсіпорнында бірлесіп әзірлейді. Екі жүз литр жылқы сүтінен 20 келі құрғақ сүт алынады. Табиғи өнімнің сапасы 10 жылға дейін жойылмайды. Ұнтақ қымызды биологиялық белсенді қоспа, косметикалық зат, тіпті дәрумен ретінде де қолдануға болады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу