Келесі ғарышкердің әйел болуы да ықтимал. Халық Қаһарманы, қазақ ғарышкері, "Қазақстан Ғарыш сапары" ұлттық компаниясының вице-президенті Айдын Айымбетов ғарыш станциясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында осылай деді.
"Келесі қазақ ғарышкерінің қашан ұшары белгісіз. Нақты айту қиын. Ол мемлекеттік органдардың құзырындағы мәселе. Десе, төртінші ғарышкердің арамыздан шығары хақ. Бұл бағытта жігіттермен қатар, қыздар да жұмыс істеп жатыр. Жалпы, біздің қыздар кейде жігіттерден де асып түсіп жатады. Сондықтан Қазақстаннан ұшатын келесі ғарышкердің әйел болуы да ықтимал", – деді Айдын Айымбетов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу