"Бар жазығы – ұлтының қазақ болмауында ма?": Танымал журналист Нариманды құр алақан қалдырғандарды сынады

1758

Бұған дейін гимнаст Нариман Құрбановтың өзі осы тақырыпқа қатысты пікір білдіргенін жазған едік.

"Бар жазығы – ұлтының қазақ болмауында ма?": Танымал журналист Нариманды құр алақан қалдырғандарды сынады Фото: коллаж: inbusiness.kz

Париж Олимпиадасынан елге оралған жүлдегерлерге халық әлі күнге дейін ыстық ықыласын білдіріп, кәсіпкерлер бағалы сыйлықтар жасап жатыр. Дегенмен, әлеуметтік желіде Олимпиадада гимнастикадан тарихи күміс медаль иеленген Нариман Құрбановқа ешқандай сыйлық берілмегені жайлы жазылуда. Осыған қатысты белгілі журналист Бибігүл Дәулетбек пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Алып берсеңдерші мына жігітке де! Ақшаларыңды айдаладағы "эскорт" қыздарға да миллиондап шашып жатсыңдар ғой.

Қазақтың түбіне жететін: теріс ағым, рушылдық, жершілдік, жемқорлық! Қалталылардың да жүрегінде патриоттық сезім мүлдем жоқ. Бұл Нариман да біздің Қазақ елінің туын аспанда желбіретіп, күміс алды емес пе? Неге енді бөліп-жарасыңдар?!
Бар жазығы - ұлтының қазақ болмауында ма?!

Білем, мемлекеттен берілетін қомақты қаражатты. Әйтсе де, бөліп-жармаңдаршы ешкімді.

Мәселен, бір топ кішкентай балаларға балмұздақ береді де, сенің балаңа бермесе қандай күйге түсесің?!

Үлкендер сендер солай жасайсыңдар, әрине жас буын теріс ағымның жетегіне оп-оңай кетіп қалады.

Кеше ресейлік миллионер Дуров $360 000 бөлді деп жатқан еді ауыл балаларына. Көрдіңіздер ме, кейбіреулер ұлтқа бөлініп жатқанында, сол басқа ұлт біздің балаларымыздың жыртығын жамауда.

Өзбек ағайындылар барлығын бөліп-жармай теңдей берді. Біздікілер бірімен-бірі рушылдыққа салынып дарақылануда. Осыдан кейін сендер ақыл айтпай-ақ қойыңдаршы, көкебастар!", - деп жазды Бибігүл Дәулетбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу