Қазақтың тұңғыш Олимпиада чемпионын тәрбиелеген бапкер өмірден озды

213

Білікті бапкер 1936 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданында дүниеге келген.

Қазақтың тұңғыш Олимпиада чемпионын тәрбиелеген бапкер өмірден озды Фото: olympic.kz

Грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің алғашқы бапкері Ром Ильматов өмірден озды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Бұл туралы еліміздің грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан ел спорттың жарқын жұлдызы, КСРО енбегі сінірген жаттықтырушы, грек-рим күресінен Олимпиада Ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің алғашқы бапкері Ильматов Ром Хасанович өмірден мезгілсі озуына байланысты көңіл айтамыз. Ром Хасанович жоғары дәрежедегі ұлағатты ұстаз әрі адамгершілік қасиеттері мол жаны жайсаң, болмысы бөлек адам еді. Онын асыл мінезі мен жетістектері баршамыздың жадымызда мәңгі сақталады", – делінген хабарламада.

Білікті бапкер 1936 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданында дүниеге келген. Ол 26 ақпанда 88 жасқа толған болатын. Ал бапкердің шәкірті Жақсылық Үшкемпіров 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында грек-рим күресінен 48 келіде чемпион атанған. Сонымен бірге, 1981 жылы өткен әлем біріншілігінің жеңімпазы. Ол 1980 жылы Прьевидзеде өткен Еуропа біріншілігінде күміс жүлдеге ие болды. Айта кетсек, грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек ерi, "Барыс", "Құрмет" "Парасат" ордендерінің иегері Жақсылық Әмiрәлiұлы Үшкемпiров 2020 жылы 2 тамыз күні бақилық болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу