Қазақтың ұлттық мұрасы Ыстанбұл сахнасында жаңаша жаңғырды

100

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақтың ұлттық мұрасы Ыстанбұл сахнасында жаңаша жаңғырды Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртістері Ыстанбұлда өнер көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кеште ұлттық, дәстүрлі мұра жаңаша ұсынылды. Концертке республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары қатысты. Танымал өнер иелері ұлттық дәстүр мен тарихи мұраны заманауи музыкалық өңдеуде орындады.

Атап айтсақ, Құрманғазы Сағырбайұлының, Үкілі Ыбырайдың, Қорқыттың, Сәкен Сейфуллиннің, Нұрғиса Тілендиевтің, қазақ және түрік халық әндері мен т.б. туындылар ұсынылды.

Іс-шара Қазақстанның музыкалық мұрасын түрік халқына таныстырып, екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға арналған алаң болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу