"Қазақы салт деп істі жаба салды": Маңғыстауда алып қашудың құрбаны болған қыз кінәлілердің жазаланбай жатқанына шағымданды

216

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында жігіт қызды көлікке малша тиеп әкеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.

"Қазақы салт деп істі жаба салды": Маңғыстауда алып қашудың құрбаны болған қыз кінәлілердің жазаланбай жатқанына шағымданды Фото: Бейнеден

21 жастағы бойжеткен үш ай бұрын өзін алып қашпақ болған адамдардың жазаға тартылмай жатқанына наразылығын білдірді.

Айтуынша, полицейлер бекі рет "қылмыстық құрам жоқ, қазақы салт" деп істі жаба салған. Жәбірленуші сол күні құрбысының үйінен шыққан кезде жігіттер көлікке мәжбүрлеп отырғызды дейді. Ал, қалыңдық қылып алғысы келген жігітті дұрыс танымайды екен.

"Подъезден түсе берген жерімде жаңағы Алпамыс есімді жігіт кеуде тұсымнан көтеріп алып, қысып алып жоғары көтереді сол кезде мен қатты шошып кетемін. Сол бетте мен жерге құлап, жерде сүйреліп, ол әрі-бері мені тартады. Менің аяғымнан көтеріп автокөлікті ашып, менің еркімнен тыс аяғымды қысып екеуі екі жақтан мал тиеген сияқты машинаға салады", – дейді жәбірленуші.

Айтуынша, үйленгісі келген жігіт көлікте кеудесінен қатты қысып, денесін көгерткен. Олар көлікті тоқтатпаған соң қыздың өзі есікті ашып, машинадан түсуге оқталған. Сол кезде ғана олар қызды босатқан екен.  

"Подъезден аттаған бойда екі бала екі қолынан ұстап сүйреп жерге, ана қыз айқайлады керек емес деп. Ол жерге жығылды. Оның айқайлағанынына қарамай сүйреп көтеріп. Мынау көмектесейін десе еркек балдар күш бермейді", – дейді оқиға куәгерлері. 

Оқиғадан кейін үш ай өтсе де Мұнайлы ауданының тергеушілері "Адам ұрлау" бабымен қозғалған істі екі мәрте қысқартып тастады дейді Диана. Полицейлер "Қазақы салт, қылмыстық құрам жоқ" дегенді алға тартыпты. "Арымды таптады" деген бойжеткен кінәлілер жазадан сытылып кете ме деп алаңдайды.

"Бұл істе әркім өзінің тиісті жазасын алып, нақты дұрыс тексеріс жасалғанын қалаймын. Бұл іс тағы қысқарып, қылмыс құрамы жоқ дегенге сенбеймін. Даладан мал сияқты жерге сүйреп алып, машинаға салады. Одан қалса мен бір ай жұмысқа барған жоқпын", – дейді қыз. 

Ал құзырлы орган өкілдері жігіт қызды үйіне апармай, жолда түсіріп кеткендіктен тергеуді жалғастырмадық дейді. Алайда психологиялық соққы алдым деген қыз Ішкі істер министрлігіне шағым түсірмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу