Қазақы тазы Италия чемпионы атанды

376

Қазақы тазы халықаралық аренада тағы бір маңызды жетістікке қол жеткізді. 

Қазақы тазы Италия чемпионы атанды Фото: nomad_nhc

Италияда өткен беделді кинологиялық көрмеде тазы Қазақстанның намысын қорғап, "Италия чемпионы" атағын жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бұл жетістік қазақы тазы тұқымын халықаралық деңгейде таныту жолындағы маңызды қадамдардың бірі саналады. Көрмеде жоғары бағаланған Кербез ұлттық тұқымның ерекшеліктері мен әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Мамандардың айтуынша, мұндай жеңістер қазақы тазының әлемдік кинология қауымдастығындағы беделін арттырып, оған деген қызығушылықты күшейте түседі. Сонымен қатар бұл жетістік тұқымды сақтау, дамыту және насихаттау бағытында еңбек етіп жүрген селекционерлер мен кинологтардың жұмысына берілген жоғары баға болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу