Қазалы аудандық сотының экс-төрағасы мен судья 9 жылға сотталды

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайты жазды.  

Қазалы аудандық сотының экс-төрағасы мен судья 9 жылға сотталды Фото: gov.kz

Оларды биыл ірі мөлшерде пара алу дерегі бойынша ҰҚК ұстаған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

– 2026 жылдың 18 қыркүйегінде Қызылорда облысы, Қазалы аудандық сотының төрағасы Д.Әбдіқалықов пен судья С.Бертайға қатысты сот үкімі шығарылып, оларға 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Аталғандар ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында және 366-бабы 3-бөлігінің 2, 4-тармақтарында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды, – делінген ресми мәлімдемеде. 

Жаза кетейік, биылғы жылдың қаңтарында оларды ірі мөлшерде пара алу дерегі бойынша ҰҚК ұстаған еді. 

Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу