Қазан айынан бастап мүгедектігі бар адамдарға жаңа жәрдемақы төленеді

844

Бұған 55 млрд теңге бөлінді. 

Қазан айынан бастап мүгедектігі бар адамдарға жаңа жәрдемақы төленеді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңындағы брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz

Спикердің айтуынша 2019 жылы Үкімет қаулысымен мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар қабылданды. Соңғы екі жылда осы бағытта 1 Кодекске, 2 Заңға, Президенттің 1 Жарлығына, Үкіметтің 2 қаулысына, Ұлттық банк басқармасының 1 қаулысына, министрліктердің 12 бұйрығына өзгерістер енгізу және әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілді. 

"23 қыркүйекте Парламент Сенатының жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң қаралып, мақұлданды. Жақын арада заң Мемлекет басшысына тапсырылады. Заңда 19 түбегейлі түзетуді, 16 заңнамалық актіге өзгертулер енгізуді көздейді. Бұл нормаларын жүзеге асыру үшін биыл және келесі жылға 55 млрд теңге бөлінді. Қазан айынан бастап мүгедек адамдар және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар жаңа жәрдемақы ала бастайды", – деді Ерлан Әукенов.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу