2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 652,4 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сонымен қатар тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санының қозғалтқыш көлемі бойынша ең көп үлесі (43,9%) 1500-2000 см³ көлеміндегі жеңіл автомобильдеріне тиесілі. Қозғалтқыш көлемі 1500 см³ дейінгі жеңіл көлік үлесі – 19,3%, 2000-2500 см³ аралығында – 17,4%, 2500-4000 см³ – 14,9%, 4000 см³ жоғарылар – 1,9%.
Қозғалтқыш көлемі 1500-2000 см³ аралығындағы жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында – 232,9 мың бірлік, Алматы – 217,4 мың бірлік және Астана қалаларында – 168,7 мың бірлік, сондай-ақ, Қарағанды облысында – 158,2 мың бірлік.