Қазан айында 860 мың тоннадан астам астық пен ұн экспортталды – АШМ

959

Бидай мен ұнның басым бөлігін Өзбекстан (327,6 мың тонна), Ауғанстан (230,3 мың тонна) және Тәжікстан (150,5 мың тонна) сатып алды.

Қазан айында 860 мың тоннадан астам астық пен ұн экспортталды – АШМ

Еліміз астық пен ұн экспорты бойынша жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен "ҚТЖ" АҚ-ның деректеріне сүйенсек, биылғы жылдың қазан айында Қазақстан шетелге 862 мың тоннаға жуық астық пен ұн саудалады. Оның ішінде 617 мың тонна – бидай, 164 мың тонна – бидай ұны (235 мың тонна астық эквивалентінде) және 9,7 мың тонна – арпа.

Бидай мен ұнның басым бөлігін Өзбекстан (327,6 мың тонна), Ауғанстан (230,3 мың тонна) және Тәжікстан (150,5 мың тонна) сатып алды. Арпаның барлық көлемі дәстүрлі түрде Иранға экспортталған.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров биыл Қазақстанның дихандары жоғары сапалы дәнді дақылдар алғанын айтқан болатын. Сонымен қатар министр Қазақстанның астық пен ұнды сату мәселелеріндегі экспорттық стратегиясы коронавирус пандемиясына қарамастан өзгерістерге ұшырамайтынын мәлімдеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу