Қазан айында AIX-те сауда көлемі 2,2 млн долларға жетті

983

Сауданың үштен бір бөлігін ГДР Ұлттық банкі жасаған. 

Қазан айында AIX-те сауда көлемі 2,2 млн долларға жетті

"Астана" Халықаралық қаржы орталығындағы биржада (AIX) сауда көлемі 2,2 млн долларға (848 млн теңге) жетті.

"Қазан айында жалпы қаржы айналымы 2 178 798,982 долларды, яғни  848 191 647,96 теңгені құрады", – дейді биржаның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ биржа баспасөз қызметі, сауданың үштен бір бөлігін ГДР Ұлттық банкі жасағанын айтты. Бұл олардың құнды қағаздарының бағасын арттырады.

Естеріңізге сала кетейік, АХҚО биржасы 2017 жылы "Астана" Халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылған болатын. Ал AIX алаңында алғашқы сауда 2018 жылы 14 қарашада жүргізілді.

"Астана" Халықаралық қаржы орталығындағы – ерекше салықтық, валюталық, визалық режимге ие алаң. Ол ел экономикасына инвестция тарту мақсатында құрылды. Тұңғыш рет компанияларды 2018 жылы қаңтар айында тіркей бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу