Қазан айында зейнетақы активтері қайда инвестицияланды

743

Қазан айында зейнетақы активтері қайда инвестицияланды

2018 жылғы қазанда шетел валютасында номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 131,3 млрд теңге болды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Оның ішінде жылдық 2,3% кірістілігі бар 74,7 млрд теңге сомаға АҚШ-тың қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары сатып алынды; жылдық 4,2% орташа алынған кірістілігі бар 12,7 млрд теңге сомаға АҚШ долларында номинирленген Перудің мемлекеттік бағалы қағаздары сатып алынды; жылдық 3,8% кірістілігі бар 1,5 млрд теңге сомаға АҚШ долларында номинирленген Филиппиннің мемлекеттік бағалы қағаздары сатып алынды;  жылдық 4,1% орташа алынған кірістілігі бар жалпы сомасы 28,5 млрд теңгеге АҚШ долларында номинирленген Қытайдың квазимемлекеттік секторы эмитенттерінің облигациялары сатып алынды; жылдық 4,5% орташа алынған кірістілігі бар жалпы сомасы 13,9 млрд теңгеге АҚШ долларында номинирленген Чилидің квазимемлекеттік секторы эмитенттерінің облигациялары сатып алынды.

Дамушы елдер эмитенттерінің бағалы қағаздарына салынған инвестициялар шеңберінде инвестициялық деңгейдегі кредиттік рейтингтерге сәйкес келетін "ВВВ-" деңгейіндегі ең төменгі кредиттік рейтингі бар Қытай мен Чилидің квазимемлекеттік секторының 4 эмитентінің еурооблигациялары сатып алынды. Аталған бағалы қағаздардың эмитенттерін 100% мемлекет бақылайды.

Еурооблигациялардың әрбір шығарылымын сатып алу үлесі шамалы ғана және әрбір шығарылым айналысындағы көлемнің 0,4%-нан бастап 2,5%-на дейінгі мөлшерді құрайды. Еурооблигациялардың жоғарыда көрсетілген шығарылымдары танымал және ірі инвестициялық қорлар барынша жаңартып отыратын, JPMorgan компаниясы бақылайтын EMBIG (Emerging Markets Bond Index Global) дамушы елдер облигацияларының индексі кіреді.

2018 жылғы қазанда белгіленген мерзімдерге сәйкес АҚШ-тың мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша негізгі борыш 22,1 млрд теңге сомаға өтелді. Есепті кезеңде 15,2 млрд теңге сомаға Түркияның мемлекеттік бағалы қағаздары сатылды.

2018 жылғы 10 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 765,3 млрд теңгені құрады.

Бұл ретте 2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айдағы (2017 жылғы қарашадан бастап 2018 жылғы қазанға дейін) зейнетақы активтерінің кірістілігі 5,3% мөлшеріндегі инфляция кезінде 10,2%-ды құрайды. Осылайша, соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 4,9%-ды құрады.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу