Қазан айындағы температураның жоғарлауы – бұл басы ғана

251

Қазан айындағы жоғары температура тарихтағы ең жылы жыл.

Қазан айындағы температураның жоғарлауы – бұл басы ғана Фото: Inbusiness.kz

Метеорологтар биылғы қазан айындағы жоғары температураны тарихтағы ең жылы мезгіл болғанын айтуда, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

ЕО климаттың өзгеруін бақылау қызметінің мәліметінше, қазанның ортасында Еуропадағы ауа температурасы 2019 жылғы қазан айындағы рекордты көрсеткіштен 0,4 градусқа жоғары болған.

2023 жылы қалыптан тыс аптап ыстық, дала өрттері мен қатты су тасқыны әлемнің көптеген елдерінде адамдардың өмірін қиды, ал 2024 жылы ауа температурасы көтеріле береді, деп ескертеді мамандар.

Ғалымдардың айтуынша, жағдайдың нашарлауына көмірқышқыл газының бөлінуі мен соңғы айларда күшейген, бірақ әлі шарықтау шегіне жетпеген Эль-Ниньо табиғи құбылысы әсер етуде.

"Бұл Эль-Ниньо өте біртүрлі. Біз көріп отырған нәрселердің бір бөлігі Эль-Ниньоның күшеюіне ғана емес, сонымен қатар соңғы жылдары температураның көтерілуіне жол бермейтін Ла-Ниньяның әлсіреуіне де байланысты", - дейді Berkeley Earth ұйымының өкілі Зик Хаусфатер.

Сондай-ақ, қараша айындағы ауа температурасының жоғарлауы да көптеген елде рекорд орнатты. Мәселен, Грецияда қараша айында ауа температурасы алғаш рет 35С асып жығылған.

Сонымен қатар, жаз мезгілі енді басталып жатқан Австралияда ауа температурасының жоғарлауына байланысты ескерту жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу