Қазан айының алғашқы жексенбісі – мұғалімдер күні. Осы орайда еліміздің білім және ғылым министрі "Үздік педагог" республикалық байқауына қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.
Асхат Аймағамбетов педагог мәртебесін арттыруға 3 трлн теңге бөлінгенін де атап өтті. Айта кету керек, аталмыш байқау соңғы 8 жыл бойы ұйымдастырылып келеді. Осы аралықта 35 127 педагог қатысқан. Оның ішінде 432 ұстаз 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай сыйақы мен Үздік педагог белгісімен марапатталған.
Жалпы еліміз бойынша 2019 жылы 289 851 мұғалім тіркелген. Бұл білім және ғылым министрлігі келтірген дерек. Олардың орташа еңбекақылары 70 – 110 мың тг аралығында. Салыстырмалы түрде біреулер үшін бұл жақсы жалақы болуы мүмкін. Ал күн-түн демей еңбек етіп, ел болашағын тәрбиелеп жатқан білім саласының қызметкерлеріне бұл аз. Мұны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі айтып, еңбекақыны көтеруді тапсырған еді.
"Педагог мәртебесі туралы" заң біздің елге ауадай қажет. Ал Atameken Business студиясына келген меймандар не деп ойлайды екен ? ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Сыздықов Тұрғын және Елорданың 71 мектеп-лицейінің мұғалімі Асыл Сапарқызы пікір білдірді: