Қазан-Анталия бағытындағы ұшақта жасөспірім қайтыс болды

437

Ұшақ Орал қаласына қонуға мәжбүр болған. 

Қазан-Анталия бағытындағы ұшақта жасөспірім қайтыс болды Фото: www.flightradar24.com

Қазаннан Анталияға бағыт алған ұшақта 17 жастағы қыз қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz www.tourdom.ru порталына сілтеме жасап.

17 қыркүйек күні Turkish Airlines әуекомпаниясының TK 3995  рейсі Қазаннан жергілікті уақыт бойынша сағат 12:44-те ұшты. Ұшу кезінде жолаушылардың бірі – мүгедектігі бар 17 жасар қыз кенеттен өзін жайсыз сезінген. Оның ұстамасы пайда болып, жүрегі тоқтап қалған. Бұл ұшақта болған екі дәрігер қызға жүрек массажын және жасанды тыныс алдыру әрекеттерін жасағанымен, өкінішке қарай жасөспірімге көмектесе алмады.

Түрік әуекомпаниясының ұшағы Орал қаласындағы әуежайға қонуға мәжбүр болды. Мұнда тиісті құжаттар рәсімделді.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жасөспірім жедел жәрдем қызметі келгенге дейін көз жұмған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу