Қазан қаласы УЕФА Суперкубогы үшін матч өткізу құқығынан айырылды

408

УЕФА Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының жеңімпаздары 16 тамызда бұрын жоспарланғандай Қазанда емес, Афинада Суперкубок үшін таласқа түседі. 

Қазан қаласы УЕФА Суперкубогы үшін матч өткізу құқығынан айырылды Фото: static.dw.com

Еуропалық Футбол Қауымдастықтарының одағы (УЕФА) Суперкубок матчын өткізу орнын қазаннан Афиныға ауыстырды. Мұндай шешімді 25 қаңтар, сәрсенбіде УЕФА Атқарушы комитеті бейнебайланыс форматында өткен отырыста қабылдады, деп жазады inbusiness.kz.

УЕФА Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының жеңімпаздары арасындағы матч 16 тамызда Афины маңындағы Пирейдегі Георгиос Караискакис стадионында өтеді, деп хабарлайды Еуропалық футбол ұйымының сайты. Бұл стадионда "Олимпиакос" клубы өнер көрсетеді.

УЕФА Суперкубогы үшін матчты қабылдау құқығын Қазан қаласы 2020 жылдың 2 наурызында Амстердамдағы УЕФА атқару комитетінің отырысының қорытындысы бойынша алды. Ресейде УЕФА Суперкубогы үшін кездесулер ешқашан өткізілмеген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу