Қыркүйекте жарияланған Ресейдегі ішінара жұмылдыру және одан кейінгі қоныс аудару толқыны елімізде кәсіпкерлер санының өсуіне әкелді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап.
Қазан айында республикада 4739 жаңа компания тіркелді, олардың үштен бірі (1580 бірлік) шетелдік меншік нысанында. Бұл саны жағынан да, үлесі жағынан да рекордтық көрсеткіш.
Шетелдік компаниялардың ішінде тек бір ірі және үш орта бизнес бар, қалғаны шағын бизнес.
Айта кететіні, олардың жартысына жуығы Алматыда тіркелген.
Жалпы, 2022 жылдың 10 айында Қазақстанда шетелдік меншік нысанындағы 9184 компания ашылды.
Салыстырар болсақ, 2020 және 2021 жылдарды қосқанда олардың саны 6,7 мыңнан сәл асты.
2022 жылы Қазақстанда ашылған әрбір бесінші жаңа компания (дәлірек айтсақ, 21,5%) шетелдіктерге тиесілі.