2025 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда (41 313) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 0,1%-ға азайып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Мәмілелер саны бойынша:
- Астана (8 945 – 21,7%);
- Алматы (7 868 – 19,1%);
- Қарағанды облысы (2 982 – 7,2%) көш бастап тұр.
Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 327 мәміле (0,8%).
2025 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда қазанда мәмілелер санының ең көп өсімі Қостанай облысында (+15,8%), Шымкент қаласында (+7,7%) және Алматы облысында (+7,4%) байқалды. Ал бір айдағы ең көп төмендеу Қызылорда облысында (-28,4%), Алматы қаласында (-11,2%) және Ақтөбе облысында (-5,2%) орын алды.
Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны бір айда 0,3%-ға (110 мәмілеге) азайған. 2025 жылдың қазан айында пәтерлер бойынша барлығы 32 542 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 78,9%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (27%), Алматы (22,2%) қалаларына және Қарағанды облысына (7,8%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2025 жылдың қазан айында олар бойынша 12 399 мәміле ресімделген.

2025 жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда қазанда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 0,6%-ға (56 мәмілеге) өсті. Қазанда барлығы 8717 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең көп өсімі Қостанай (+18,4%), Шығыс Қазақстан (+16,5%) және Батыс Қазақстан (+11%) облыстарында байқалды. Ал бір айдағы ең көп төмендеу Ұлытау (-15,9%), Қызылорда (-10,7%) және Қарағанды (-8,3%) облыстарында орын алды.

Былтырғы тиісті айымен салыстырғанда мәміле саны 5,4%-ға өскен (2024 ж. Қазан - 39 143). Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Астана қаласында (27,9%) байқалды, ең үлкен төмендеу – Ұлытау облысында (-38%).
2025 жылдың қаңтар-қазан айларындағы мәмілелер санын 2024 жылғы қаңтар-қазан айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 3,5%-ға өскен.