Ақмола облысының Степногорск қаласындағы жылу-электр орталығының кейбір қондырғыларына биыл күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Атап айтсақ, биыл екі қазандық толықтай қалыпқа келтіріледі, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл жұмыстарға 120 адам жұмылдырылған. Ал нысанды қысқа әзірлеу үшін мекеме жыл сайын 1,5 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсайды екен. "Алайда бұл баға саясатына әсер ете қоймайды", – дейді ондағылар. Себебі жергілікті әкімдікпен тарифті қымбаттатпау жайлы 5 жылдық келісім жасалған.
Айта кетейік, аталған нысан шағын шаһар мен оның жанында орналасқан кенттердегі бас-аяғы 400-ге жуық көпқабатты тұрғын үйге жылу таратады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу