Қазатомөнеркәсібі "Сирек металл компаниясы" БК-дағы үлесін сатады

916

Қазатомөнеркәсібі "Сирек металл компаниясы" БК-дағы үлесін сатады

Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ "ҚТ Сирек металл компаниясы" бірлескен кәсіпорны" ЖШС-ның жарғылық капиталындағы өзінің 51% қатысу үлесін сатады. Бұл туралы компанияның ресми сайтында хабарланды.

Бағаны төмендету жолымен өткізілетін электронды аукцион 2016 жылғы 21 желтоқсанда өтеді.

Сауда "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының және дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде "Самұрық-Қазына" АҚ-на тиесілі болған ұйымдардың "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесінің қаулысымен бекітілген активтерді сату, қайта құрылымдаудың бірыңғай Ережелеріне және мемлекеттік мүлік веб-порталында мүлікті сату бойынша электронды саудалар өткізу Реттемесіне сәйкес жүргізіледі.

"Сирек металл компаниясы" бірлескен кәсіпорнының бастапқы қызметі сирек және сирек жер металдар, сирек жер металдардан жасалған өнімдер шығарумен және оларды сатумен байланысты болған. Қазіргі кезде "ҚТ Сирек металл компаниясы" БК" ЖШС "Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында қуаты 42,9 МВт-тық "Форт-Шевченко" жел электр станциясы (ЖЭС) құрылысы" жобасымен ғана шұғылданады.

ЖЭС құрылысы үшін аумағы 190 га жер учаскесі 49 жылға жалға рәсімделіп, техникалық шарттар мен энергия желісіне қосу үшін келісім алынған. БҰҰ даму бағдарламасының тапсырысы бойынша үстіміздегі жылы ЖЭС алаңында 50 м биіктіктегі желге өлшеулер, топографиялық жұмыстар мен геологиялық-техникалық ізденістер жүргізіліп, станцияның тұжырымдамалық жобасы әзірленді.

Айта кетерлік жәйт, аталмыш жоба "2013-2020 жылдарға арналған Қазақстанда баламалы және жаңғыртылатын энергетиканы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" ҚР Үкіметінің Қаулысына енген.

Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі Мемлекеттік сараптамадан өтудің соңғы сатысында тұр. Сараптамадан өткен соң әлеуетті сатып алушы "Жаңғыртылатын қуат көздерін қолдау жөніндегі есептеу-қаржы орталығы" ЖШС-мен (http://www.rfc.kegoc.kz/tarif/) тиянақталған тариф бойынша электр энергиясының кВт/сағатын 24 теңгеден кепілдендірілген өткізуге ұзақ мерзімді келісімшарт жасауына болады.

Еншілес және тәуелді кәсіпорындарды сату "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның экономикалық қосымша құнын арттыру мақсатында бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында бейінді емес активтерден арылу және компания қызметін тікелей атом энергетикасы саласына бағыттау жолымен іске асырылуда.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ компанияның корпоративтік құрылымын оңтайландыру бойынша жұмыстарды бірінші жыл өткізіп отырған жоқ. Үстіміздегі жылы атом компаниясы өз құрамындағы 20 бейінді емес активті шығарып, еншілес-тәуелді ұйымдар санын 55-ке дейін қысқартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу