Қазатомөнеркәсібі басшысы қытайлық әріптестермен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

950

Қазатомөнеркәсібі басшысы қытайлық әріптестермен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин басқарған ресми делегация құрамында ҚХР-да жұмыс сапарымен болды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Қазақстандық ұлттық атом компаниясының басшысы "CGNPC" бас директоры Чжан Шанминь (Zhang Shanming) және "CNNC" бас директоры Цзян Жиминмен (Qian Zhimin) келіссөздер жүргізді. Асқар Жұмағалиев қытайлық әріптестерімен атом энергетикасын дамыту саласындағы кең ауқымды мәселелерді талқылады. Тараптар компаниялар арасындағы ынтымақтастықты дамытудың жақсы қарқынын, уран өндіру, ЖБҚ зауыты құрылысы сияқты бірақатар бірлескен жобаларды іске асыру бойынша табысты жұмыстарды атап көрсетті.

Серіктестер сондай-ақ, Қытай арқылы уран тасымалдау, жоғары деңгейлі бөлістегі қазақстандық уран өнімдерін ҚХР-ға жеткізіп беруге қатысты пікір алмасты.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Асқар Жұмағалиев әріптестерін "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне қатысып, қазіргі заманғы технологияларды және атом энергиясын бейбіт пайдалану идеясын ілгерілетудегі қытайлық компаниялардың жетістіктерін көрсетуге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу