"Сирек металдар компаниясы" бірлескен кәсіпорнындағы 50%-дан астам үлес жекешелендірудің екінші кезеңі шеңберінде 17,2 млн теңгеге сатылды, деп хабарлайды LS.
"Электрондық сауда алаңының" мәліметі бойынша, сатушы – "Қазатомөнеркәсібі" компаниясының 51 пайыз үлесін баланста ұстаушы. Сауда голландтық әдіспен (төмендету әдісімен) өткізілді.
Бастапқы баға 98,6 млн теңгені құрады. "Делойт-ТСФ" компаниясының деректеріне сәйкес, 2016 жылғы 30 маусымдағы компанияның бағалау құны 90,1 млн теңге болған.
Сауданың нәтижесі бойынша сауда бағасы 17,2 млн теңгеге дейін төмендетілді. Сатып алушы Алматы қаласының азаматы. Саудаға үш адам қатысқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу