"Қазатомөнеркәсіп" 11,8 млн қарапайым акциясын сатылымға шығарды

881

Осыдан 2 жыл бұрын компанияның 25% акциясының 15%-ы сатылған болатын. 

"Қазатомөнеркәсіп" 11,8 млн қарапайым акциясын сатылымға шығарды

"Самұрық-Қазына" әл ауқат қоры "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының 11,8 млн қарапайым акциясын сатылымға қойды. Кәсіпорынның ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, құнды қағаздардың 4,55%-ы "Астана" қаржы орталығы мен "Лондон" қор биржасында саудаланады.

Еске салар болсақ, осыдан 2 жыл бұрын компанияның 25% акциясының 15%-ы сатылған болатын. Ол кездегі келісім 451 млн доллар болған.Оның 2%-ы "Астана қаржы орталығы" арқылы сатылса, 13%-ы Лондон   қор биржасында саудаланды. Былтыр тағы 3,8% акциясын сатқан.

Айта кетейік, "Қазатомөнеркәсіп" – әлемдегі уран өндіретін ең ірі компаниялардың бірі. Ол 1997 жылы құрылған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу