"Қазатомөнеркәсіп" акцияларын сатудан түскен қаржыны Ұлттық қорға қайтарды

939

Міндеттемелердің өтелуі 2028 және 2035 жылдарға жоспарланған болатын. 

"Қазатомөнеркәсіп" акцияларын сатудан түскен қаржыны Ұлттық қорға қайтарды

"Самұрық-Қазына" АҚ ҚР Ұлттық банкі алдындағы міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеуге 161,7 млрд теңге бағыттады. Бұл қаржы көлемі "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның 15% акциясын сату есебінен өтелді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, 2018 жылы 13 қазанда "Қазатомөнеркәсіп" 15% акциясын АХҚО биржасында және Лондон қор биржасында сәтті орналастырып, халықаралық нарыққа шыққан алғашқы ұлттық компания болды.    

2018 жылдың 13 желтоқсанында "Самұрық-Қазына" АҚ-ның директорлар кеңесі елбасының квазимемлекеттік сектордағы активтерді жекешелендіруден түскен қаржыны ҚР Ұлттық қорына бағыттау тапсырмасын орындау мақсатында, ҚР Ұлттық қоры алдындағы міндеттемелерді "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның акцияларын орналастырудан түскен қаржы есебінен мерзімінен бұрын өтеуді мақұлдады. 

Бастапқыда займ екі бөлікпен 2013 және 2015 жылдары инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін алынды. Міндеттемелердің өтелуі тиісінше 2028 және 2035 жылдарға жоспарланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу