Қазатомөнеркәсіп бірқатар компаниядағы акцияларын сатпақ

923

Қазатомөнеркәсіп бірқатар компаниядағы акцияларын сатпақ

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ "Astana Solar" ЖШС, "Kazakhstan Solar Silicon" ЖШС және "KazSilicon" МК" ЖШС-ның жарғылық капиталындағы 75-100% қатысу үлесі пакетін сатады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Конкурстық құжаттама мен ашық екі кезеңдік конкурстың хабарлама компанияның (www.kazatomprom.kz) веб-порталында орналастырылған. Осы көрсетілген серіктестіктердің жарғылық капиталындағы 100%  қатысу үлесі үшін сұралатын бастапқы баға 18 млрд 277 миллион 29 мың теңгені құрайды.

Ашық екі кезеңдік конкурс 2018 жылғы 12 наурызда басталып, 28 наурыз күні Астана уақытымен сағат 15.00-де аяқталады.

Активті сатып алған инвестор мәміленің белгіленген шартын орындау жапуапкершілігін өз мойнына алады. Сатып алушы қызметкерлердің штаттағы санын, қызмет профилін сақтауды және кәсіпорындардың әрекеттегі шарттарын орындауға міндеттенеді.

"Astana Solar" ЖШС – жылдық өндірістік қуаты 50 МВт-тан 100 МВт-қа дейін ұлғайту мүмкіндігіне ие фотоэлектрлі модульдер шығаратын қазіргі заманғы зауыт.

"Kazakhstan Solar Silicon" ЖШС – мультикристалды кремний пластиналарын (156х156 мм, р-үлгі) және жобалық қуаты жылына 60 МВт-қа ие ПҚК 16%-дан кем болмаған фотоэлектрлі ұяшықтар өндіретін зауыт.

"KazSilicon" МК" ЖШС – жобалық қуаты жылына 10 000 тонна өнім өндіруге және жобалық қуаты жылына 3 200 тонналық металлургиялық кремний өндірісіне ие, қуатталған қоры 1,74 млн тонна желілік кварцқа тең Сарыкөл кен орны.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу