"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ Бразилияның "Indústrias nucleares do Brasil" (INB) мемлекеттік компаниясына табиғи уран жеткізу туралы сауда келісімшартына қол қойды.
Компанияның хабарлауынша, "Қазатомөнеркәсіп" INB компаниясы өткізген Бразилия атом өнеркәсібінің қажеті үшін уран гексафторидін жеткізу конкурсының жеңімпазы деп танылған.
Айта кетсек, "Қазатомөнеркәсіп" – әлемдегі ірі табиғи уран өндіруші компания. 2018 жылы Компанияның қатысу үлесі негізіндегі табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 23% құрады. Топ уранның саладағы аса ірі резервтік базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге 26 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді.