"Қазатомөнеркәсіп" директорлар кеңесінің төрағасы "Самұрық-Қазынаға" ауысты

758

Жаңа төрағасы сайланғанға дейін кеңесті Нил Лонгфеллоуды уақытша басқарады.

"Қазатомөнеркәсіп" директорлар кеңесінің төрағасы "Самұрық-Қазынаға" ауысты

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Джон Дудас қызметінен кетті, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Джон Дудасқа "Қазатомөнеркәсіптің" мажоритарлық акционері – "Самұрық-Қазына" қоры директорлар кеңесінен қызмет ұсынды.

"Қазатомөнеркәсіпте жұмыс істеген уақытымда мен өз үлесімді қосып, елеулі корпоративтік табысқа куә болдым",– дейді Дудас мырза.

Қазіргі уақытта кеңестің қосымша тәуелсіз, атқарушы емес мүшелерін анықтаудың халықаралық процесі жүргізілуде.

Лонгфеллоу мырза Біріккен Корольдіктің азаматы, 2017 жылы ол тәуелсіз мүше ретінде компанияның кеңесі құрамына кірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу